“Қос ішек” республикалық домбырашылар байқауы өтеді

“Қос ішек” республикалық домбырашылар байқауы өтеді
Фото: vk.com

Науша Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған “Қос ішек” республикалық домбырашылар байқауы өтеді.

Науша Мырзагерейұлы – елімізге танымал күй өнерінің аса көрнекті орындаушысы,  қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі. Домбырашының репертуарында халық композиторларының 90-нан астам күйі (оның ішінде Дәулеткерейдің 50 шақты) болған.  Күйші – тамаша орындаушылық өнерімен шоқтығы биік тұлға.

Науша Бөкейхановтың 150 жылдығына орай домбырашының рухына тағзым ету, аса бағалы рухани қазынаны дәріптеу, күйшілік өнеріне жас таланттарды тәрбиелеу  мақсатында Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырумен 2020 жылдың қазан айының  21-22 күндері “Қос ішек” республикалық домбырашылар байқауы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты:

– Науша Бөкейханов есімін мәңгі есте сақтау және күй құдіретін жас ұрпаққа насихаттау;

– Жас домбырашылардың кәсіби деңгейін шыңдау;

– Күй әлемінде жас домбырашылардың жаңа есімдерін ашу.

Байқаудың шарттары:

– Байқауға  Халықаралық, республикалық байқаулардан Бас жүлде алмаған 17 мен 35 жас аралығындағы өнерпаздар, соның ішінде Нұрсұлтан, Алматы қалаларынан 2 (екі), қалған облыстардан 1(бір) күйшіден, ал Орал қаласынан алдын ала іріктелген күйшілер қатыса алады. 

Байқаудың талаптары:

Байқау екі кезеңнен тұрады және міндетті түрде орындалатын шығармалар:

І кезеңде:

1. Дәулеткерей “Көркем ханым”

2. Дина “Бұлбұл”

3. Мәмен “Ақшолпан”

4. Құрманғазы “Терісқақпай”

5. Қазанғап “Тор жорғаның бөгелек қағуы”

6. Өз қалауынша бір күй

ІІ кезеңде:

1. Құлшар “Ат жортақ”

2. Махамбет “Жауға шапқан”

3. Науша “Байжұма”

4. Халық күйі “Ел айырылған” (Р.Ғабдиевтың орындауындағы)

5. Түркеш “Байжұма”

6. Өз қалауынша бір күй 

Үміткерге қойылатын талаптар:

– Орындаушылардың кәсіби шеберлігі, сахна мәдениеті; 

– Күй мінезін көрерменге жеткізе білуі және артистизм;

– Сахналық киімі. 

Бағалау

Бас жүлде – біреу (лауреат атағы)

І орын - біреу (лауреат атағы)

ІІ орын - екеу (лауреат атағы)

ІІІ орын - үшеу (лауреат атағы)

Сонымен қатар байқауға қатысқан үздік орындаушыларға “Дипломант” атағы беріледі. 

Қазылар алқасы

  1. Байқау қатысушыларының өнерін бағалау және қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады;

  2. Қазылар алқасының шешімі түбегейлі болып табылады және қайта қаралмайды;

  3. Шешім хаттама түрінде рәсімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды. Дауыстар саны тең түскен жағдайда қазылар алқасының төрағасы шешуші дауысқа ие болады;

  4. Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды. 

Қазылар алқасы құқылы:

– Барлық сыйлықтарды тағайындамауға;

– Бір сыйлықты бірнеше жеңімпазға бөлуге.     

Үміткерлерден қажетті құжаттар:

1. Жеке куәлік көшірмесі; 

2. Өмірбаяны;

3. Оқитын (оқушылар мен студенттер үшін) немесе қызмет жасайтын орнынан анықтама;

4. 13х18 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет (электронды нұсқасы міндетті түрде),

5.Байқауда орындалатын күйлер тізімі;

6. Мекеменің ұсынысы;

7. 20 санды банк шоты.

Ұйымдастыру алқасы байқауға қатысу өтініштерін 2020 жылдың ........ дейін қабылдайды. Тапсырылған құжаттар кері қайтарылмайды. 

Байқауды қаржыландыру:

  1. Қатысушы үміткерлердің келу-кету  жол шығынын жолдама берген жіберуші жақ немесе өздері көтереді; 

  2. Ұйымдастыру алқасы үміткерлерді байқауға қатысу уақытына тамақпен және тұрғын жаймен қамтамасыз етеді;

  3. Байқауға белгіленген мерзімнен ерте келген қатысушылар әуе, темір жолы және көлік түрлерінің жүру кестесіне қарамастан, ұйымдастыру алқасы белгілеген мерзіміне дейінгі жүріп-тұру шығындарын өздері көтереді;

  4. Үміткерлермен бірге келген жетекшілері барлық шығындарды өз тарапынан өтейді;

Байқауға байланысты анықтама мекенжайы:

Орал қаласы. Қасым Аманжолов көшесі, 53 үй.

“Облыстық халық шығармашылығы орталығы” МКҚК

Байланыс телефондары: 8 7/7112/ 50-09-16

Тел/факс:8 7/7112/ 51-07-72

  1. Эл.пошта: оcnt-zko@mail.ru

Т. Раушанұлы