Видеода Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековадан көрермендер кіре алмай қалған концерт үшін ақша талап етуде деп хабарлайды Massaget.kz.
Қайрат Нұртас 4 шілде күні #MCKZ музыкалық арнасының ашылу концертінің қонағы ретінде 5-6 ән айтуы керек болған екен. Ал арна өкілдері оған концерттің дәл қай орында болатынын соңғы уақытқа дейін нақты айтпаған. Кейін арна өкілдерінің жоқтығын білген Гүлзира Айдарбекова мен әншінің директоры келген адамдарды арнайы автобус жалдап «Дәулет» атты 200 адамдық мейрамханаға апарған деп жазылған Қайрат Нұртастың әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ал видеода Гүлзира Айдарбекова #MCKZ арнасының ұйымдастырушылары үш күн қалғанда телефондарын өшіріп, қашып кеткенін айтады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/JXOAOSKzuQ4&feature","width":"450","height":"338"});
Келген қонақтардың саны 700-ге жеткен. Соңында Гүлзира Айдарбекова өз қалтасынан наразы болған қонақтарға ақша қайтарып беремін деген. Ал қалған көрермен Қайраттың әндерін түгелдей екі-үш қайтара орындауын талап еткен. Қайрат Нұртас: «Мен тыңдармандарымды ренжіткім келмейді, солар үшін арнайы келдім» деп, өзінің танымал әндерін орындап берді.
#MCKZ арнасы әншімен жасаған келісімшарттың бірде-бірін орындамаған болып шықты. Нәтижесінде алданған қонақтар арна басшылығының атына ұжымдық арыз жазған.
Концертке барып, кіре алмай қайтқан көп көрерменнің бірі Ақжігітова Мира есімді Алматы қаласының тұрғыны онда ине шаншар орын болмағанын және ешкімнің де билет құнын қайтарып бермегенін айтады.
Мира Ақжігітова, Алматы қаласының тұрғыны, 40 жаста:
- Билетті 3500 теңгеге алдық. Қайрат Нұртастың қатысуымен бір телеарна ашылуы керек екен, Қайрат 1 сағат ән айтады деген, тағы басқа әншілер болады деп хабарлаған. Ашылуы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады делінді. Бүгін түстен кейін Атакентте болады деді. Атакентке де бардық. Сөйтсек, Райымбек көшесіндегі «Дәулет» мейрамханасында болады деп тағы өзгертті. Сонда таксимен бардық, зал толы екен. 20-30 шақты адам далада тоңып тұрдық. Сол тұрғанымызды Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова көріп, телефон номерлерімізді жазып бер деді. Бірақ кейін өзі жоқ болып кетті. Администратор келеді деген соң, оны да күттік. Бірақ ешкім келмеді. Сосын сонда арыз жаздық.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: ғаламтор бетінен, baq.kz