- Негізгі бет
- Музыка
- Классикалық әуен есте...
Классикалық әуен есте сақтау қабілетін жақсартады
Бұндай тұжырымға италиялық ғалымдар келіп отыр. Олар өз кезегінде "Вивальди эффектісі" деген жаңалық ашқан. Вивальдидің «Төрт мезгіл» симфониялық туындысын жиі тыңдайтын адамдардың есте сақтау қабілетін жақсарады дегенді дәлелдеген.
24 ерікті арнайы белгіленген тәртіп бойынша орналасқан сандар тізімін есте сақтаулары керек болған. Антонио Вивальдидің әуенін бірнеше сағат бойы тыңдаған еріктілер басқаларына қарағанда бұл тапсырманы үздік орындаған.
Бұл феномен белгілі бір дәрежеде экспериментке қатысушылардың назары мен ынтасының артатынымен түсіндіріледі, бірақ классикалық әуен қысқа мерзімге адам миының физиологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге септігін тигізеді, дейді ғалымдар. Ғылымға Моцарттың әуендерін тыңдап өсетін бала инттеллектуалды тұрғыда тез қалыптасуға көмектесетін "Моцарт эффектісі" деген тұжырым белгілі.
Ал мал шаруашылығында радиодан Чайковскийдің әуендерін естіген сиырлар сүт өнімін көбірек береді деп тіпті Кеңес одағы кезінде де айтылған екен.
Енді ғылымға "Вивальди эффектісі" деген термин енді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: userapi.com
А. Құлтай