Кенжебек Жанәбіловтің «Сағыныш тамшылары» атты жеке ән-жинағы шықты. Жинақты «Меломан» дүкендер желісінен ала аласыз.
Әнжинақ 18 әннен тұрады (әнжинақ сыртындағы әндер тізіміне әрлеу кезінде кеткен қателіктен 1 ән ілікпей қалған).
Осыған дейін Мейрамбек Бесбаевтың «Аяулыма» және «Термелер» деген әнжинақтары және Сәкен Майғазиевтің былтыр шыққан «Бал әнім» әнжинағы осы «Меломанның» статистикасы бойынша ең көп сұранысқа ие әнжинақтар болып есептелген болатын. Енді міне, музарттықтардың үшінші солисі де жеке әнжинағын шығарып отыр.
МузАРТ-тан кейін сұранысқа ие болып тұрған әнжинақ Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстанымы». 2006 жылы шыққан әнжинақтың 1455 көшірмесі 2012 жылы сатылыпты. Бұдан кейінгі тізімде Асылбек Еңсеповтың «Адай», Қайрат Нұртастың «Өкініш», «Ауырмайды жүрек», Дос-Мұқасанның «Бізге 40 жыл» әнжинақтары бар.
Жолдаған: Марал Ерман
Сурет: «Өнеге» журналы