Келем деші, күнім,
Келем деші бүгін.
Шын бақыттың гүлін бер маған.
Келем деші, еркем,
Күндей күліп көркем.
Тым болмаса ертең кел маған
Үміт отын жалғай,
Құс боп қанат талмай, келем деші…
Бұл сағынған жанның ғашығына деген назынан туған ән секілді көрінгенімен әуенді ән авторы анаға деген сағыныш негізінде жазған екен. Бауыржан Өскінбаевтың шығармашылығына «құда түсіп» Ақбота Керімбекова орындамақ болып сұрап алыпты. Әншінің айтуынша әнді композитор Бауыржан Өскінбаев ана тақырыбына жазған. Бірақ әннің әуені мен мәтіні бір-біріне сәйкес келмегендіктен сөзін Ринат Зайытовқа қайта жаздырыпты. Әншінің жаңа альбомы осы әннің атауымен «Келем деші» деп аталады. Сәтті шыққан туындыға бейнеклип те түсірілген. Қандай тақырыпты көксеп жазса да, ән әлдеқашан тыңдарманын тауып үлгерген. Расында, ән ғашық жанның ішкі сезімін білдірер мәтінге лайықталып жазылғаны жөн болған секілді. Өйткені әннің әр сазы жүрек назымен ұштасып жатқандай. Болмысы лирикаға толы сезіммен көмкерілгендей.
Ақбота Керімбекованың орындауындағы «Келем деші» әні
Әні: Бауыржан Өскінбаев
сөзі: Ринат Зайытов
Ай боп іздеп күнді,
Таң боп іздеп түнді,
Сағынамын әлдекімді…
Армандаймын аңсап,
Жүрегіммен ән сап,
Жүрсің неге менен алшақ?
Қайырмасы
Келем деші, күнім,
Келем деші бүгін.
Шын бақыттың гүлін бер маған.
Келем деші, еркем,
Күндей күліп көркем.
Тым болмаса ертең кел маған
Үміт отын жалғай,
Құс боп қанат талмай, келем деші…
Жан сырымды тылсым,
Тек жұлдыздар білсін,
Айтшы, жаным, қайда жүрсің?
Тәтті мұңға батып,
Сені күту – бақыт,
Өтсін, мейлі, қанша уақыт.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: astana-akshamy.kz