Елордада 29 наурыздан 1 сәуірге дейін Нұрғиса Тілендиев атындағы "Өз елім" ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Байқауға 16-дан 35 жасқа дейінгі жас музыканттар қатысады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қазақстанның әр облысы байқаудың әр номинациясына 2 қатысушы жібереді. Өнерпаздар келесі номинациялар бойынша сай бақ сынасады.
1. Классикалық вокал (әйелдер мен ерлер);
2. Домбыра;
3. Дирижерлік
Фестивальді ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Мәдениет басқармасы.
"Бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Сонымен қатар фестивальде мынандай марапаттар мен жүлделер тапсырылады:
- Гран-при – ақшалай сыйлық (800 000 теңге);
- 1-ші сыйлық – 600 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;
- 2-ші сыйлық – 300 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;
- 3-ші сыйлық – 150 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль", - делінген таратылған хабарламада.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kupi-prodai.kz