Қазақстандық музыкант "Минута славы" шоуына шақырылды

Қазақстандық пианист, Chick Flick тобының мүшесі Олег Переверзев ресейлік "Минута славы" телешоуына шақырту алды.

Олег көпшілік арасында YouTube сайтына салған видео роликтерінен кейін танымалдылыққа ие болды. Роликтерде пианист классикалық шығармаларды стандартты емес позада орындап шыққан. Мәселен, бір бейнебаянда Олег Римский-Корсаковтың  “Араның ызыңы” (Полет шмеля) шығармасын бір уақытта екі түрлі аспапта орындап шыққан. Тағы бір роликте Переверзев Ференц Листтің “№ 2 Венгр рапсодиясын” артқа қарап отырып ойнайды. 

Аталған бейнебаяндар интернет бетінде жарық көргеннен кейін көп ұзамай пианист аталған телешоудың украиналық аналогына шақырылған болатын. Дегенмен ол кезде Олег жеке шаруаларына байланысты шақыртуды қабыл ала алмаған. Енді, міне, үстіміздегі жылдың тамыз айында қазақстандық музыкант Мәскеуге жол тартқалы отыр.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/V3eJsvNiJAo&feature","width":"450","height":"256"});

Телешоуда Переверзев жоғарыда сөз болған “№ 2 Венгр рапсодиясы” мен  “Араның ызыңы” шығармасын орындайтын болады. Пианисттің өзінің айтуынша, ол аталған шығармаларға жаңа өзгерістер енгізіп жаңа демо-ролик түсіріп үлгеріпті. 

Олег Переверзев музыкамен бес жасынан бері айналысып жүрген кәсіби музыкант. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фортопиано класын тәмәдаған. 32 жасқа келген ол осы уақытқа дейін бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы атанып үлгерді. Пианист қазіргі кезде Chick Flick жобасының мүшесі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tengrinews.kz, chickflick.kz