- Негізгі бет
- Музыка
- Қазақстандағы баян өнерінің...
Қазақстандағы баян өнерінің қалыптасу тарихы
Баян – Қазақстандағы көпшіліктің сүйікті аспабы. Бұл аспапты, шын мәнінде, интернационал деп санауға болады. Оның үнін үлкен концерт залдарында және мәдениет сарайларында, көркемөнерпаздар ұжымдарында және түрлі кәсіби оркестрлерде естуге болады. Өзінің қолжетімділігінің, әуенділігінің және дыбысталу үнінің арқасында бұл аспап халықтың үлкен сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды.
Кейбір мәлімет бойынша сырнайлар Ресейде XIX ғасырдың басында пайда болған. Алайда кейбір дерек бойынша олар одан да ертерек, XVIII ғасырдың соңында пайда болған. Сол кездегі сырнайлар өте қарапайым, диатоникалық құрылымда болған. Осылайша, 1871 жылы Тула қаласында орыс сырнайының тарихы мен эволюциясын өзгерткен үлкен оқиға орын алған. Сырнайды өз бетінше үйренген жергілікті музыкант Николай Белобородов аспаптың жаңа түрі хроматикалық сырнайды жасап шығарған. Оған дейінгі сырнайлармен салыстырғанда, оның бірнеше артықшылықтары болды: ол диатоникалық жүйеде емес, кеңейтілген аккомпанементте жасалды (ол бас, үш мажорлы және екі минорлы аккордтардан тұрды), оң жақ клавишада пернелер екі қатарда орналасты. Бұл аспаптан шығатын дыбыстардың бұрын-соңды болмаған санына мүмкіндік берді. Сонымен бірге, аспаптың көптеген бөлшектерінің жаңашыл конструктивтік шешімі оған сазды, әуенді, көлемді дыбыс шығаруға мүмкіндік берді.
XIX ғасырдың екінші жартысында сырнай Қазақстанда да кең таралды. Екі мәдениеттің бір-бірімен үйлесіп, бірін-бірі байыту және өзара бірігу процесі болып, орыс классикалық әдебиеті, әндері және әрине, орыс халық аспаптары халықтың мәдени өмірімен араласты. «Мұның бәрі қазақ музыканттарының аусарлығынан емес, қазақ халқы өмір сүру тәжірибесімен көз жеткізген уақыт рухын, жаңа ағымды түсіну салдары болды», - деп жазды академик А. Жұбанов. Оның қазақ халқының ежелгі үрмелі музыкалық аспабымен дыбыстық ұқсастығына байланысты қазақ халқы аспапқа «сырнай» деген атау берді.
Қазақтардың Ресей халқымен ежелгі этномәдени және сауда байланыстары екі ел мәдениеттінің өзара баюына және дамуына себеп болды. Егер Ресейдегі сырнай XIX ғасырдың басында пайда болса, Қазақстанда ол сол ғасырдың екінші жартысында тарады. Бұл жерде Ресеймен сауда байланысы, орыс зиялыларының өкілдерімен, қоныс аударушы шаруалармен қарым-қатынас маңызды рөл атқарды. Сырнайда ойнау әншілердің, айтыс ақындарының (суырыпсалма халық ақындарының музыкалық-ақындық сайысы) шығармашылығына айналды.
Қазақ жерінде көптеген жан-жақты дарынды тұлғалар дүниеге келген. Олардың қатарында әншілер, түрлі аспаптарды шебер меңгерген аспапшылар, композиторлар, сөздің майын тамызған ақындар, суырып-салма шешендер болған.
Ақындар, сал-серілер сияқты халықтың кәсіби музыканттары да кез келген туындыны дайындықсыз шығарған дарын иелері болған, кез келген тақырыптарға сол жерде жанынан ән шығарып, өмірдегі кез келген маңызды оқиғаларға үн қосқан. Қазақ халқының жадында Жаяу Мұса Байжанов, Естай Беркімбаев, Әсет Найманбаев, Майра Шамсутдинова, Нартай Бекежанов және басқа да халық арасында атақты есімдер сақталған. Баян (сырнай) қазақ халқының тұрмыс-салтына нық еніп, ұлттық мәдениетті дамытуда маңызды рөл атқарады.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында сырнайдың анағұрлым жетілдірілген құрылымдарын одан әрі іздестіру жұмыстары жүргізілді. Композиторлар мен орындаушылардың шеберлігі артты, олардың шығармашылық ынтымақтастығы музыкалық аспаптардың неғұрлым жетілдірілген үлгілерінің жасалуына себеп болды. Мысал ретінде көрнекті сырнайшы Л.Орланский-Титаненко мен әйгілі шебер П. Стерлиговтың бірлескен қызметін атуға болады. 1907 жылы Орланский-Титаненконың тапсырысы бойынша П.Стерлигов жетілдірілген сырнай аспабын жасады, музыкант оған орыстың аты аңызға айналған әншісі Боянның құрметіне «Баян» деген атау берді. Сол уақыттан бері бұл атау аспапқа мәңгілікке бекіді, аспап халық өміріне етене сіңіп кетті.
Шетелдерде оң жақ клавишалары (пернелер, түймелер) бар хроматикалық сырнайлар аккордеон деп аталады. Алайда баянның ыңғайлы үлгісін қажымай-талмай ойластырған П. Стерлигов 1924 жылы ғана осы ойын жүзеге асыра алды. Ол жасаған аспап сол жақ клавиатураның жаңа конструктив үлгісімен ерекшеленді, шебердің бұл шешімінің мәні жазықтықта дайын және таңдалған екі дыбысты орналастыру болды.
Осы жерден аспаптың дайын-таңдалған (аспаптың шартты атауы) деген атауы пайда болды, оның сол жақ клавиатурасының екі біріктірілген дыбыс қатары бар: бас кварта-квинтті орналасқан дайын және оң клавиатура принципі бойынша дайын аккордтар қатары (оның дыбыстары 3-ке хроматикалық ретпен және дайын аккордтардың клавишаларының қатарында орналасқан). Баянның бұл үлгісінің пайда болуы орындаушылардың репертуар ауқымын кеңейтіп, түрлі дәуірлер стиліндегі орган, клавир және фортепиано музыкасының ұлы мұрасын игеруге мүмкіндік берді.
Қазіргі заманғы көптембрлік дайын-таңдаулы баян-музыкалық шығармашылықты ең жоғары деңгейде орындауға қызмет ететін үлкен динамикалық, тембрлік, акустикалық мүмкіндіктерге ие аспап. Қазіргі уақытта баянда ойнауға үйрету музыкалық мектептерде, музыкалық колледждерде және жоғары оқу орындарында жүргізіледі.
Асия Борангулова
Massaget