«Меломан» билет агенттігінің жетекшісі Александр Нужный about.kz сайтына берген сұхбатында Қайрат Нұртастың атақты болып кетуінің мәнін түсіндірді. Сонымен қатар, оның шоу бизнестегі оңтайлы қадамдары жайлы ақпарат берді.
Оның ойынша, жас поп-идолдың атақты болу сыры оның қазақ тілін білуінде болып отырғандығы екен. Әнші қазақстандық өндірушілердің өнімін өтімді деп бағалаған. Поп-музыканың жоғары деңгейде болу сыры бұқара жұртқа түсінікті болуымен түсіндірген екен.
«Қайрат Нұртас феноменінің болуы әншінің қазақша сөйлейтіндігінен».
Қайрат Нұртас – қазақстандағы ең сәтті жұлдыздары қатарында. Сатылған билеттер саны бойынша, 2012 жылы республика бойынша үздік бестікке кірген. Тіпті оның жетістігін ресейлік танымал жұлдыз Стас Михайловпен салыстыруға келеді-мыс.
Ол қай қалада концерт берсе де, сатылар билеттер жетпей қалып жатады. Билет алып-сатарлары 300 билетке дейін сатып алатын кездері де болыпты.
Ал интернет бетінде Қайрат Нұртас туралы әртүрлі ойлар айтылады. YOUTUBE-те оның «Ол сен емес» деп аталатын әнін жарты миллионға жуық адам көріпті. Оған байланысты пікір-талас та болған.
«Facebook-тегі дискуссия елдегі жағдайды нақтылай көрсетіп бере алмайды. Себебі Қазақстан тұрғындарының үштен бір бөлігі ғана интернетке шыға алу мүмкіндігіне ие. Мәселен, Республика Сарайында болған жағдайды бәріміз де білеміз, «Тамаша-шоуға» кіре алмай қалған жұрт бір-екі турникетті сындырған кезде оны интернетте үлкен дауға айналдырды. Бәрі де күліп бақты. Ал негізінде расында да жұртшылық «Шымкент шоу», «Тамаша шоу» секілді қойылымдарға барғысы келеді, көргісі келеді. Ал егер әлемге атағы шыққан рок-группаны әкеліп концерт бергіңіз келсе, Алматы жұртшылығы ғана жиналады деп ойлаймын. Халық өзіне жақын дүниені қалайды, ол үшін талғамы жоқ деп айыптауға болмайды!».
Жеке бір әншінің жағдайын айта келіп, жалпы елдегі шоу-бизнес жағдайына баға беруге болмайды. Бүгінде отандық шоу-бизнестегі айналымда 100 миллион долларға жуық ақша бар болуы мүмкін дейді. Оның жартысына жуығы кино түсіру саласы арқылы табылады.
“Қазақстанда шоу-бизнес жоқ, тек той-бизнес бар деген ой айтатын адамдарды ешқашан түсінбейтін шығармын. Иә, қазақ әншілерінің көбі қазақтың дәстүрлі мерекесінде өнер көрсетеді, бірақ бұл жағдайға қарап, елде шоу-бизнес жоқ деуге келмейді. «Тұсау кесер» болсын, «Ұзату той» болсын, онда өнер көрсетіп жатқан әншілер көрермен-тыңдармандарымен жақын бола түспек. Бұл үрдіс Ресейде де бар, тек басқаша аталады, мәселен «корпоративка»."
Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас соңғы екі жылда ең көп пайда түсірген әнші болып есептеледі.
11 сәуірде «Өкініш» атты фильм кинотеатрлардан көрсетіле бастады. Бірінші аптада фильм 35 миллион теңге пайда түсірді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: meloman.kz