Қазақстанда батыстық деңгейдегі студия ашылды

Қазақстанда батыстық деңгейдегі студия ашылды

Алматыда жаңартылған «Diana recording studio» дыбыс жазу студиясы ашылды. Орталық соңғы технологиялармен қамтамасыз етілген.

Осы орайда өткен баспасөз мәслихатына студияның бас маманы Mr. Akis Ziak, «Негры» тобының солисті Диана Шарапова, сонымен қатар, Music Pop Festival Discovery бәйгесінің лауреаты, музыкант Денис Беляев қатысты. "Студиядағы құрылғыларды біз 10 жыл бойы жинадық. Әлемдік деңгейге дейін көтерілуді мақсат қылғандықтан, бұл тұрғыда ақша үнемдеуге тырысқан жоқпыз. Тек фирмалық аппаратураларды сатып алдық: Neumann, Yamaha, Apple, Avid. Қатарымызма Акисті қостық. Ол біздің ұжымға көптеген жаңалықтар әкелді. Мастеринг, музыканы баптау тұрғысынан көп нәрсе үйрендік", - деді Беляев журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетелік, Mr. Akis Ziak-тың Қазақстанда жұмыс істеп жүргеніне 9 ай уақыт болыпты. Осы мерзім ішінде студияның қызметін Шахзода, Інжу, Ақкенже, Лайма Вайкуле секілді әншілер пайдаланып үлгерген. 

ва

Баспасөз мәслихатынан соң, жиылғандар студияны аралап экскурсия жасады. Ғимараттың негізгі бөлмелері матрешка принципі бойынша орналасқан. Құрылыс жұмыстары кезінде металл пайдаланылмаған. Студиядағы дыбыс жазу сапасының жоғары болуының басты себебі осымен түсіндіріледі. Экскурсия барысында Mr. Akis Ziak реал уақытта дыбыс жазып, оны басқа студияларда жазылған дауыстармен салыстырып көрсетті. 

Сөз соңында Mr. Akis Ziak Қазақстанда жұмыс істеудің өте жағымды екендігін айта отырып, бұдан былай елдегі кез келген музыкант шет елге шықпай-ақ батыстық деңгейде дыбыс жаза алатындығын қуанышпен жеткізді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: bnews.kz