Қазақстанда алғашқы музыкалық ЕМА байқауы өтті

Қазақстанда алғашқы музыкалық ЕМА байқауы өтті

Қазақстандағы алғашқы музыкалық ЕМА байқауының марапаттау кешіне отандық жұлдыздар мен елімізге арнайы ат басын бұрған Dan Balan қатысты. 

Көрермендер Қазақстанға танымал дарынды өнер жұлдыздарының ән орындау шеберлігіне тәнті болды. Мұндай шараны ұйымдастырушылар жыл сайын өткізіп тұруға шешім қабылдады. ЕМА байқауы 15 қаңтарда басталған болатын. Мақсаты - Қазақстандық орындаушыларды әлемге таныту.

Байқаудың марапат иелері :

Ең үздік дебют - Әли Оқапов

Ең үздік ер орындаушы - Айқын

Ең үздік әйел орындаушы - Дильназ Ахмадиева

Ең үздік ерлер тобы - RINGO

Ең үздік әйелдер тобы - Кеш You

Ең үздік ұжым - Skills

Ең үздік ән - "Арманға" Әли Оқапов

Ең үздік кинофильм саундтрегі -  «Шал» кинофильміндегі саундтрек (саундтрек режисері - Сергей Лобанов, композиторы - Қуат Шілдебаев)

Ең үздік этно-топ - «Ұлытау».

Ең үздік бейнебаян - «Энергия любви», Динара Сұлтан

Көрермен көзайымы - Абдулкарим Каримов

Махаббат тақырыбындағы ең үздік ән - «Love Story», L дуэт 

Еуразияның үздік актеры - «Город 312»

Ең үздік шоу-бизнес жанашыры - Қуат Шілдебаев

Ең үздік рок-топ - Angry Ants

Ең үздік музыкалық жарнама – ACTIV

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: k1.kz


А. Әбілхан