Қазақстандық эстрададағы ең қымбат бейнебаяндар анықталды. Бұл туралы "31 арнаның" "Жұлдыздар жарқырайды" айдары хабарлады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Сонымен, телеарна тілшілерінің мәліметінше, шоу-бизнес өкілдерінің арасында ең қымбат бейнебаянды продюсер Болманов түсірген. Ол өзінің "Ұлытау" жобасының "Жұмыр қылыш" туындысына 100 мың доллар көлемінде қаражат жұмсапты.
Тізімде екінші орынды белгілі продюсер Баян Есентаева продюсерлік ететін "КешYou" тобы алып отыр. Топтың "Қазақ қыздары", "Келші жаныма" атты әндеріне түсірген бейнебаяндары 30 мың доллар қаражатқа түсіріліпті.