«Қазақстан дауысы» музыкалық байқаудың финалына төрт әнші шықты, олар - Тимур Омаров, Роза Мұқатаева, Жанғали Әбішев және Шахаризат Сейдахмет. Байқаудың жартылай финалы 12 қаңтар күні «Қазақстан» арнасынан көрсетілген болатын.
Тимур Омаров 19 қаңтар 1994 жылы Өзбекстанда дүниеге келген, қазір Теміртау қаласында тұрады. Ол ешқандай музыкалық мектепті бітірмеген және вокал сабақтарын да алмаған.
Роза Мұқатаева Павлодардан. Жасы 20-да. 10 жасынан бастап ән айтады. Қазір Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттың Өнер Академиясының студенті. Мамандығы – эстрадалық вокал.
Жанғали Әбішев 26 жаста. Шымкент тумасы қазір Астанада тұрады. Қазақ Ұлттық Өнер университетін бітірген. Қазіргі таңда жұмыссыз.
Шахаризат Сейдахмет 12 қараша 1986 жылы Қостанай облысының Амангелді ауданында туылған. Жоғары білімді. Жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Үйленген. Бір ұл, бір қызы бар.
«Қазақстан дауысы» байқауының финалын 19 қаңтарда «Қазақстан» арнасы көрсетеді. Бес миллион теңге қаржыға және танымал дыбыс жазу компаниясымен келісім шартқа ие болатын жеңімпазды көрермендер SMS жолдау арқылы таңдайды.
«Қазақстан дауысы» жобасы былтыр жаз мезгілінде өз жұмысын бастаған болатын. Бұл әлемдік «The Voice» немесе «Голос» телешоуының баламасы. Қатысушылардың жоба финалына жасаған болжамдарын мына жерден оқи аласыздар.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина