Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергенов Витебскте өтіп жатқан "Славян базары-2015" эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық конкурсының бірінші күнінде көш бастады. Жас әнші 90 ұпайдың 89-ын алып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Димаш Құдайбергенов Константин Меладзенің "Опять метель" әнін орындады. Қазылар алқасының Латвия өкілі Интарс Бусулистен басқа мүшелері түгелдей ең жоғары балл берді.
Екінші орынды әзірше Беларусьтен келген Валерия Грибусова алып тұр. Конкурстың екінші күнінде, 12 шілдеде қатысушылар әлемдік хиттерді, ал үшінші күнінде өз елінің хит әндерін орындайды.