Соңғы уақыттары өзге ұлт өкілдерінің сахнаға шығып, қазақша ән шырқауы сәнге айналды. Қазақ тілінің әуезділігін шетелдік жұлдыздар да сезініп, шығармашылығына молынан пайдаланып жүр. Әртістер бірде халық әндерін шырқаса, бірде жүректен шыққан өз әндерін орындайды. Сонымен қазақ тілінде ән шырқаған әншілер кімдер екен? Сонымен көрейік.
Сати Казанова
Сати Казанова Астанада өткен “МУЗ-ТВ 2015″ музыкалық марапаттау рәсімінде “До рассвета” әнін қазақ тілінде орындап, көрермендерді бір қуантқан еді. Ал жуырда ресейлік әнші “Comedy Club” бағдарламасында сол әннің бірнеше жолын шырқап берді.
Сергей Приказчиков
Сергей Приказчиков “МУЗ-ТВ 2015″ кешіне дайындық барысында “Той жыры” әнінің үзіндісін орындап, бейнежазбаны Instagram парақшасына жүктеген.
Ал қытайлық өнерпаз “Қарлығаш” әнін қазақша басынан аяғына дейін айтып шыққан.
Тағы бір қытайлық ару “KeшYou” тобының белгілі әнін шырқап, байқауда бірінші орын иеленген.
Ал мына шетелдік әртіс әнді қазақ тілінде айнытпай орындап, жұрттың таңданысын туғызды.
Нигериялық өнерпаз Rich D Алматы жайында қазақша ән тербеді. Өнерпаз бұл туындысына бейнебаян түсіріп, тойға шығып, ел алдында өнер көрсетіп жүр.
Малайзия өкілі Лилиан “Сен” әнін тебірене орындаған.
Өзбек әншісі Шахзода “Аяла” әнін қазақша шырқады. Әннің авторы – отандық белгілі ақын әрі сазгер Медет Салықов.
Дереккөз: NUR.KZ