Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі сахнасына тұңғыш рет электрожетіген шықты. "Шарапат" тобы бұл фестивальде "Көкшолақ", "Таңжарбай" және "Сарыарқа" композицияларын орындады.
Электрожетіген аспабында Рафхат Ізден шеберлігімен тәнті етсе, электродомбырада «Шарапат» тобының бас домбырашысы Ернар Кәкежанов ойнайды. Ал топтың ритм-соло домбырашысы Есбол Жарылқасынұлы халық көзайымына айналып үлгерді. Ұрмалы аспапта Қанат Ботабаев. Massaget.kz бұған дейін «Шарапат» тобымен сұхбаттасқан болатын.
Ескерте кетейік, продюсер Нұржан Тойшының продюсерлігінде жаңадан ашылған "Шарапат" тобы үлкен сахнада тұңғыш рет өнер көрсетіп отыр. Елімізде осымен екінші рет өтіп отырған фестивальді отандық "Роксонаки" және "Алдаспан" топтары ашты.
"Белуха Jam" тобының солисі Алексей Чичаков
The Spirit of Tengri фестивалін отандық "Роксонаки" және "Алдаспан" топтары ашқанын жазған болатынбыз. Олар алғашқы кезде бірігіп интро орындады да, келесіде кезек-кезекпен "Бақсының шақыруы" ("Роксонаки" тобы) және "Жол" ("Алдаспан" тобы) әндерін орындап шықты. Бұдан кейін Алтайдан келген Болот Байрышев пен "Белуха Jam" тобы қосылып өнер көрсетті.
Болот Байрышев пен "Белуха Jam" (Алтай)
Болот Байрышев
Болот Байрышев – Таулы Алтайдың әншісі әрі аңыз-жыр айтушысы. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Алтай республикасының еңбек сіңірген әртісі. Алтайлық тілмен айтқанда көмеймен айтатын кай өнерінің шебері. Әртүрлі, әр деңгейлі, әр тараптағы конкурс, байқаулардың жеңімпазы екенін былай қойғанда, Болот кино өнерінен де алыс тұлға емес. Солардың ең атақтысы – «Охота на пиранью» блокбастерінде эпизодтық рөлді сомдауы. Фильм саундтрегін де жазған адамның қатарында.
Оқи отырыңыз:
Шарапат тобы: "Қазақтың өнерін жасы да, қарты да тыңдаса дейміз"
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: автордан