Қайрат Нұртас Назарбаевпен бірігіп ән салуды армандайды

Қайрат Нұртас Назарбаевпен бірігіп ән салуды армандайды

Қазақстандық жас әнші Қайрат Нұртастың ендігі бар арманы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірігіп ән салу екен. 

"Менің ойымша, елбасымызбен бірігіп ән салу кез келген қазақстандықтың арманы... Біріге отырып "Үш қоңыр" әнін айтсақ қой..." - деп Peoplenews.kz порталына берген сұхбатында айта кетіпті.

23 жасына дейін жүздеген әнді орындап, ондаған CD дискілерді шығарған әншінің жақында Республика сарайында жеке кеші болып өтті. Ине шаншар орын қалмаған сол концерттің билеттері бір ай бұрын таусылып қалғанға ұқсайды.

Журналистердің анықтауынша, кештен түскен қаржының қоры 15 мың евроны құрайтын көрінеді. Алайда, осынша ақшаны табу үшін әншіміз 24 сағат бойына тынымсыз еңбектенетін болып шықты.

сурет:yvi.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига