- Негізгі бет
- Музыка
- Қарттар да құр...
Қарттар да құр отырған жоқ...
«Қартайдым» деп құр қарап отырған кәрі жоқ... Өнерге өз үлесін қосқысы келетін кез келген адам жасқа қарамайды екен. The Zimmers тобы – рок жанрында кәрі музыканттардан жиналған топ. Құрылғанына екі-ақ жылдың көлемі болса да мұндай ерекше топтар аз. Бұл ұжымның 50 қатысушысының жастары 3700 жылды құрайды.
Топтың арасында 70-тен төмен жастағылар мүлдем жоқтың қасы. «Альф» атты лақап атқа ие топтың белді мүшесі Рафаэль Каррэта жақында ғана өзінің 90 жас мерейтойын атап өткен. Ал топтағы ең кәрі музыкант – Бастер Мартин. Оның қаншада екенін білесіз бе? Топтың ақсақалды атасы 102 жасты бағындырып отырған жайы бар.
2007 жылы көктемде BBC телеканалында қарттар үйін мекен еткен қариялардың тағдыры жайында дайындалған деректі фильмге түсудің арқасында олардың өнердегі тұсауы кесілген. Жобаның режиссері Тим Сэмьюэльс қарттарға The Who тобының «Менің ұрпағым» атты әнін орындатқызған. Осы деректі фильм жарыққа шығысымен-ақ саундтрек ерекше ықыласқа ие болды. Әнге түсірілген бейнеклип те интернет аясына кең тарап, халықтың көзаймына айналған.
Алғашқы музыкалық тәжірибесіне дән риза болған қариялар арықарай өздерін өнерге баулып, шоу-бизнес саласына үлес қосуды ойлайды. Олардың ешбірі де кәсіби музыкант емес. Екінші рет 2007 жылы 13 шілдеде The Prodigy тобының «Firestarter» әнін айтып шықты. Ал 2011 жылдың қыркүйек айында өздерінің «Lust To Life» атты жеке альбомын жарыққа шығарды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: doodoo.ru
А. Әбілхан