Қарбыз сатушы павлодарлық жігіт Интернетте жұлдызға айналды. Ілияс Мұратов саудасын жүргізу үшін шығармашылығын қосыпты. Бұл туралы kaz.tengrinews.kz тілшісі жазды.
18 жастағы ол күн сайын Қамзин мен Ломов көшелерінің қиылысына келіп, жұртты әнмен еліктіреді. Өзінің айтуынша, Ілияс музыкалық колледжі тастап кетіпті, қазіргі уақытта қаржы-экономикалық факультетте оқиды. Кейде ол тіпті тойларға да шығады екен. Айтуынша, шығармашылығы мен сауданы үйлестірген оның табысы аз емес көрінеді. Себебі көшедегілер бірінші кезекте әнші сатушының өнімін алғысы келеді екен.