Болот Дыйқанбаев есімді қырғыз кәсіпкері соңғы кезде ел ішіндегі насихаты көбейген «Қара жорға» биінің қазаққа еш қатысы жоғын айтады. Оның сөзіне сенсек, бұл би қырғыз ұлтының ата-бабадан мұра болып келе жатқан ұлттық биі екен.
Бұл туралы қырғызстандық ток-шоулардың бірінде түсірілген видеодан көре аласыздар. Видеодағы сюжетте журналист бұл бидің Қазақстанда өте танымал екенін, тіпті былтыр Атырау қаласында 15 мың адам билеп, Гиннес рекордтар кітабына енгізілгенін айтады.
Болот Дыйқанбаев, кәсіпкер:
- Мен 2003 жылы Қытайға бардым. Сонда қазақ жігіттері мен «Алтын адам» деген мейрамханаға апарды. Сосын олар менен қырғыздың бір ескі биі барын айтып, сол биді билей аласың ба деп сұрады. Сонда қазақтар бұл биді құлжалық қырғыздардан алғанын айтты. Сосын олар қыз-жігіт болып «Қара жорға» биін билей бастағанда мен мұның көп элементтері қырғыздың биіне ұқсайтынын айттым. Ата-бабамыздан келе жатқан, құлаққа жағымды әуен екенін бірден білдім. Сонда қазақ жігіттері сол жерде маған бұл биді құлжалық қырғыздардан көшіріп алғанын айтты. Ал сөздерін кім жазған десем, сөзі халықтың сөзі екен дейді. Сөйтсек, қазақтар бұл биге бейнебаян түсіргенін айтып, мақтанып отыр. Бұл бірінші дәлелім. Ал екіншіден, мен Талдықорғанға құда түсіп барған кезімде қазақтардың өзі қырғыз бауырларымыз келіп қапты, сіздердің билеріңізді билеп берейін деп айтты. Олар биді қытайдағы қазақтардың түсірген бейнебаянан көріп, үйреніп алған екен.
Бұл туралы қырғызстандық хореограф Зарылбек Молдабакиров та өз пікірін былайша өрбітеді: «Қара жорға деген атының өзі ат үстіндегі адамның бүлкілдеп отыруын білдіреді» десе қырғыз әншісі Бақыт Мамаев «Қара жорға» биімен қырғыз ұлты өзінің болмысын, мінезін, табиғатын көрсеткен деген пікірді айтады:
- Қазақтар бұл биді домбыраға салып, өз мәнеріне салып алған. Ал бидің тарихына көз жүгіртсеңіз бұл би қазақтарда болмағанын байқайсыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/GTWbkaJSl5k&feature","width":"450","height":"338"});
Естеріңізге сала кетсек, қырғыздар бұған дейін ұлттық асымыз – етке де таласқан еді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: www.aknet.kz