"Қара жорға" итальян тілінде шырқалуда

Италияның азаматы Аугусто Амикуччи "Қара жорға" әнін қазақ және итальян тілдерінде шырқады. Бұл жөнінде KS Production менеджері Әлихан Мұсатаев хабар етті. 

"Қара жорғаны" бірінші нотасынан-ақ ұнатқан әнші осы әнді орындауға бірден құмартқан. Әнді итальян тіліне Қазақстанда 10 жылдан бері тұратын Аугустоның отандасы Марко Ауджелло аударып берген. Жақын арада итальян тіліндегі "Қара жорғаның" бейнебаяны да шығып үлгерді. Бейнебаянның желісі бойынша, анасы баласын журнал ішінен суреті шыққан шымкенттік сұлу қызбен үйлендіргісі келеді. Ұлын шырттай киіндіріп ап, Шымкентке қарай тартады. Ал оқиғаның немен және қалай аяқталатындығын мына бейнебаяннан көре аласыздар.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/CPVAW4yY_kI","width":"425","height":"350"});
39 жасар Аугусто Амикуччи музыкамен жастайынан айналысып келеді. 9 жасынан бастап, аккордеонда ойнаған. KS-production орталық төрағасы оны елімізге Мәскеуде өткен іссапардағы таныстықтан кейін шақырған. Продюсерлік ұйым алдағы уаықттарда Амикуччидың орындауында тағы да бір-екі әнді жарыққа шығармақ. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет YouTube.com-нан