Дәл қазір Жыл таңдауы-2017 Ұлттық музыкалық жүлдесі басталып та кетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты осы жылдың ішінде елгі танылып, халық сүйіктісіне айналып үлгерген танымал жұлдыздарды анықтау. Шараның продюсері Жан Мұқановтың айтуынша, 145 әртістің ішінде дауыс беру жүйесімен 70 жұлдыз таңдалған. Бұл шара өткен жылға қарағанда ерекше өтеді деп ойлаймын. Алматы Арена сахнасында көрермендер сүйікті жұлдыздарын 360 градуста толық көре алатын болады. Былтыр кеш қонағы ретінде түркиялық әнші Бурай шақырылған болатын. Ал биыл Винтаж тобы келмек. Ал концерттік бағдарламаны Серік Гамза-заде, Гүлнұр Оразымбетова бастап, Жігер Ауыпбаев, Ayree, Музарт Life, Дильxан Исаев, Әйгерім Қалаубаева сынды әншілер жалғады. Кеш жүргізушілері - халықтың сүйікті жұп әншілері Тоқтар мен Бейбіт, Құралай Анарбекова, Тәуекел Мүслім, Дәулет Бижанов, Әсел Асқар, Нұрсұлтан Құрман, Ерке Есмаxан мен Юсуф Чим, Ләйлә Сұлтанқызы мен Мая Бекбаева комментатор болды. Жыл таңдау-2017 жүлдесіне кім лайықты деп ойлайсыздар?