«Меломен» тобының әншісі Жігер Ауыпбаев «72 сағатта үйлену» фильмінің екінші саундрегін орындады. Отандық туынды бір апта бұрын көрермендерге жол тартып, 10 миллион теңге көлемінде табыс түсіріп үлгерді.
Айта кетейік, осыған дейін фильмнің басты саундтрегі болған «Қазақ қызы» әнін «Меломен» тобы орындаған болатын. Ал Жігердің жаңа орындап шыққан «Жаным» әні фильмнің екінші саундтрегі.