Бір топ музыканттар мен компьютер бағдарламашылары бірлесе отырып Бетховеннің аяқталмаған симфониясын жазып бітірмек.
Бұл шара композитордың дүниеге келгеніне 250 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Мерейтой 2020 жыл бойы атап өтіледі.
Атақты сазгер 1827 жылы өмірден өткенде оның 10-симфониясы аяқталмай қалған болатын. Ол кезде Бетховен 9-симфониямен қатар жұмыс істеген.
Бетховеннің туған қаласы Боннедегі мұражайын басқаратын Кристина Сигерт:"Сазгердің өзі мұндай тәжірибеге қарсы болмас еді",- дейді: "Себебі ол, ең алдымен, жаңашылдық символына айналған тұлға".
Қалай болғанда да, жасанды интеллект аяқтап шыққан туынды Бетховен мұрасы ретінде қарастырылмайды. Бұл тек тәжірибе болмақ. Оны бірінші болып 2020 жылы 28 сәуірде Бонне қаласындағы мұражайда арнайы оркестр орындауында тыңдап көруге болады.