- Негізгі бет
- Музыка
- Жапониялық азамат...
Жапониялық азамат Despacito әнін калькулятормен орындады
Әнді калькулятормен ойнап беруге болатын болса, ол туралы не айтуға болады? Иә, музыка неғұрылым қарапайым болған сайын оның хит әуенге айналу мүмкіндігі жоғары деген сөз. Бұл талғамның төмендігі ме? Кім білген?! Біз айтайын деп отырған әңгіме бұл тақырып туралы емес.
It's a small world аталатын ютуб каналы бар жапондық жігіт 2017 жылдың басты хиті Despacito әуенін екі калькуляторда ойнап берді. Видео 4 сағат ішінде 400 000 көрілім жинады. Сондай-ақ, жапондық азаматтың каналынан әнші Эд Ширанның Shape Of You әнінің орындалуын да көріге болады. Бұл "трек" бір күн ішінде 100 000 көрілім жинаған.
Блогер AR-7778 калькуляторын пайдаланған. Жарнамасында бұл калькулятордың 20 түрлі дыбыс шығаратынын туралы айтылады. Оның бағасы шамамен $ 5 мен $ 22 аралығында.
Естеріңізге сала кетейік, «Despacito» — Луис Фонси есімді пуэрто-рикалық музыкант пен вокалист Дэдди Янкидің бірлескен жобасы. Әннің Джастин Бибермен бірге қайта шығарылған ремикс нұсқасы АҚШ (Billboard Hot 100) пен Ұлыбританияның (UK Singles Chart) барлық хит-шерулерінің алғашқы сатысынан көрінді. Осылайша аталған ән ағылшын тілді ортада үлкен жетістікке жеткен испан тіліндегі хиттердің қатарында екінші орынlа тұр. Бірінші орынды 1996 жылғы «Macarena» әні иеленді.
«Despacito» әніне түсірілген клип 4 тамыз күні 3 млрд көрілім жинап ютюб каналындағы барша бейнебаяндарды басып озды. Оған қоса, осыған дейін ешқандай бейнебаян 20 миллион лүпіл жинап көрмеген екен.
Музыка әлеміндегі ең үлкен жетістік те осы әннің қанжығасында. Өйткені, ол америкалық Hot 100 чартында 16 апта бойы бірінші орынды иемденуі арқылы Мэрайи Кэридің «One Sweet Day» аталатын әнінің рекордын жаңартты.
А. Оралқызы