Белгілі әнші Бағлан Әбдірайымов Instagram-парақшасында "қартайып кетіпсіз" дейтін оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
"Аға, қартайыпсыз, бұрынғыдай емессіз" дейтіндер баршылық. Жалмауыз емеспіз ғой. Әрине, жас кездегі жалындаған бейне жанкүйерлердің санасында қалып қойған. Бетті тартпай, көзді ашпай, әжімді жинамай, угридің үңгірін қаз-қалпында ұстап жүрміз. Не нәрсенің болсын табиғиы жақсы емес пе? Бәрі өз уағымен. Жасандылық жоқ. Өмір тамаша! Әр күнің Алланың берген сыйы ғой!", - деді әнші.
Оның оқырмандары мен өнердегі әріптестері жазбаға әзілдеп, пікір жазған:
"Мына суретте жазсыз, ағай", - дейді Нұрболат Абдуллин.
"Үйдегі менің құрдасым жайлы болған соң ғой қартаймай жүргенің", "Ер адам маймылдан сәл әдемі болса жетеді", "Жүрегім бәз баяғы десеңізші", "Жүрегім 18-де, бетім оттай береді десей", - деді Желі қолданушылары.
Айта кетейік, Бағлан Әбдірайымов - 2003 жылы Шымкентте құрылған "Жігіттер" тобының мүшесі. Бүгінде әнші топтан бөлек жеке де өнер көрсетіп жүр.