Қазақстандық жас жігіт Imanbek америкалық диджейлермен бірігіп жаңа ән жазды.
Әлемге аты танымал Marshmello және Usher Иманбек Зейкеновпен бірігіп ән жазып, "Too much" атты бейнебаян түсірді. Клипті YouТube-тен көруге болады. Қазірдің өзінде 800 мыңдай көрілім жинады.
Әртістер бірігіп жасағаны жұмысы жайлы әлеуметтік желідегі парақшаларында жария етті.
Иманбек Зейкенов – Ақсу-1 темір жол бекетінде жұмыс істеп жүрген жерінен, 19 жасынан әлемге танымал болған қазақ жігіті. Америка рэпері Карлос Сент-Джонның "Roses" атты әніне жазған ремиксі әлемдік чарттан бір-ақ шықты. Бұл трек Apple Music-тың ТОП ондығына кіріп, Shazam бағдарламасынан 6,5 млн қаралым, Spotify порталында 4 млн тыңдалым жинаған Яндекс-музыка чартында 5-орын ремикс болды.
Ал Billboard Hot 100 чартында ұзақ уақыт бойы ТОП ондықтың ішінде жүрді.