Сенбінің жарқыраған күнінде әсем музыкаға құлақ түруге шақырамыз. Біз әңгімеге арқау еткелі отырған әуендер неміс композиторы Ханс Циммердің туындылары.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/MuAGGZNfUkU","width":"425","height":"350"});
Ханс Циммер. Уақыт
Ханс Циммер осы күнде әлемдік блокбастерлерге саундтрек жазуымен халыққа кеңінен танымал. Композитор 1957 жылдың қыркүйек айының 12-сінде дүниеге келді. Музыкамен жастайынан айналысқан оған әлемдік танымалдылық 1988 жылы режисер Барри Левинсонның "Жаңбыр адам"(Человек дождя) фильміне жазған саундтрегінен кейін келді. Картина "Оскар" сыйлығын иеленіп, ал Цимердің туындысы киноакадемияда үздік саундтрек атанды.
Композитор 1994 жылы бәрімізге белгілі "Арыстан патша"(Король Лев) мультфильміне саундтрек жазып шықты. Бұл жолғы туындының сәтті болғаны соншалық ол "Оскар" сыйлығына, "Алтын глобус", "Тони" сыйлықтарына, сонымен қатар екі "Грэмми" сыйлығына ие болды.
Жалпы алғанда осы уақытқа дейін Ханстың еңбектері 8 рет "Алтын глобус", 7 рет "Грэмми", 7 рет "Оскар" сыйлықтарына ұсынылған. Композитор ұзын саны 100-ден аса картинаға музыка жазған екен. Оның ішінде «Тақуаның жұбайы» (1996), «Бұдан артық болуы мүмкін емес» (1997), «Қызыл жолақ» (1998), «Мысыр ханзадасы» (1998), «Гладиатор» (2000) және «Соңғы самурай» (2003) атты картиналардағы еңбектерін айрықша атап өту керек.
Циммер, сонымен қатар, Гарри Грегсон-Уильямс және Клаус Бадельт секілді жас композиторларға қолдау көрсетіп, ұстаздық қылып келеді.
Олай болса, әсем әуенмен құлақ құрышын бір қандырайық.
"Гладиатор" фильміне жазылған саундтрек:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/x1f-5AxaNaQ","width":"425","height":"350"});
"Арыстан патша" мультфильміне жазылған саундтрек:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ENXcOzX4rgU","width":"425","height":"350"});
сурет: allegria.at