Белгісіз хакерлер британиялық Radiohead рок-тобының студиялық жазбаларын ұрлап, ақша бопсаламақ болған. Көнбеген жағдайда әлі дайындалып жатқан әндерді желіге таратып жібереміз деп сес көрсеткен. Оларға жауап ретінде музыканттар әндердің демо нұсқасын интернетте өздері-ақ жариялап жіберген.
Хакерлер Radiohead тобының "OK Computer" атты альбомының 18 сағаттық студиялық жазбасын қолға түсіріп, $150 000 сұраған. Топ бұған келіспей ресми түрде Bandcamp платформасына әндердің демо нұсқасын жүктеген. Оларды тегін тыңдауға болады, бірақ жүктеу үшін 18 фунт төлеу керек. Одан түскен пайда Extinction Rebellion экологиялық қозғалысына аударылған. Әндер платформада 18 күн қолжетімді болды.
Маусым айының ортасында тарған бұл ақпаратта топтың әндері қалай қолды болғаны айтылмаған.