Қымбатты Массагет сайтының оқырмандары! Біз бүгін сіздерге өнер әлеміне өзіндік ерекшелігімен келген Гүлнұр Әбдікәрімқызы туралы әңгімелеп береміз. Бұған дейін "Алдаспан", "Аңсар" секілді өнер әлеміне жаңадан қосылған толқынмен таныстырып өткен едік.
Гүлнұр Әбдікәрімқызы 1985 жылы, мамыр айының 19 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Әкесі – Әбдікәрім қазақтың дәстүрлі әндерін орындаудың шебері, бүкіл қазақ халқына танымал атақты Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов сынды өнер майталмандарының ең үздік шәкірттерінің бірі. Гүлнұрға дарын қанмен берілді. 7-8 жыл ішінде білім, қаржы, БАҚ, сыртқы істер министрлігі тағы да сондай әр түрлі салада қызмет атқарған Гүлнұрдың өнерге деген сүйіспеншілігі бәрінен басым түсіп, дарынды қыз ақыры өнер жолына бет бұрды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/0n-LiWKXyRE","width":"425","height":"350"});
Гүлнұр Әбдікәрімқызы. Ақ сәулем
Киелі қазақ сахнасында, қазақ халқының киелі өнерін өте әдемі, ұлттық нақышын бұзбай, майын тамызып тұрып насихаттап жүрген Рамазан Стамғазиев, Қарақат Әбілдина, «Қоңыр» тобы сынды өнер майталмандарын мақтан тұтады. Ұстанымы Абай атамыздың: «Саф сұлу өнер бықсық ойдан тумайды, шыншыл таза жүректен ғана туады», – деген сөзі. Әншінің айтып жүрген әні, түр-келбеті, киім кию мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, сахнада өз-өзін ұстау мәдениеті әншінің ішкі жан-дүниесінің, эстетикасының айнасы деп біледі.
Қазіргі күнде Гүлнұр қазақ халық әндерінің, қазақ лирика әндерінің орындаушысы. Қазақ халқының ұлттық өнеріне өз үлесін қосып, сол насихаттап жүрген өнері арқылы келе жатқан жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде тынбай еңбек етуде.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ZO_mIrpC9RQ","width":"425","height":"350"});
Гүлнұр Әбдікәрімқызы. Сағынышым менің
Массагеткз Гүлнұрдың қадамына сәттілік тілеп, жас әншіге шығармашылық табыстар тілейді.
Сурет Гүлнұр Әбдікәрімқызының жеке мұрағатынан