- Негізгі бет
- Музыка
- Ғасыр әнінің авторы...
Ғасыр әнінің авторы Джон Леннон атындағы сусын шықты
Imagine there's no countries,
It isn’t hard to do,
Nothing to kill or die for,
No religion too,
Imagine all the people living life in peace...
АҚШ Ұлттық музыкалық ассоциациясы мүшелерінің кезекті кездесуінде өткен жүзжылдықтың әні анықталғанын хабарлаған едік.
Жуырда музыканттық құрметіне John Lemon сусыны шықты. Бір қызығы атауынан айдан анық көрініп тұрса да, сусын шығарушы польшалық компания бұл атаудың Леннонға еш қатысы жоқ деген ұстанымнан айнымай отыр. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, музыканттың жесірі әрі аталған әннің жазылуына өз септігін тигізген Йоко Оно компанияны сотқа бермекші. Оның айтуынша, музыканттың атағы арқылы ақша тапқан компания оның аруағын қорлаған болып есептеледі.
Компания басшылығы: "Ононың айыптаулары негізсіз",- десе де, Йоконың заңгерлері сусын жарнамаларынан Леннон бейнесіне ұқсас суреттер мен оның Let It Be әнінен алынған жазбалар тапқан. Осылайша, өз айыптауына дәлелдеме тапқан авангардист John Lemon сусыны атауын өзгерпеген жағдайда, сатылған әр бөтелкеге 500 бен 5000 евро аралығында айыппұл төлеуді талап етіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, «Ғасыр әні» ретінде белгілі Beatles тобының мүшесі Джон Леннонның барша ғаламға танымал «Imagine» әні танылды. Шарада тағы бір күтпеген жағдай орын алды. Адамзаттың жарқын болашағына деген ақ сенімге тұнық әннің авторы ретінде осы күнге дейін тек Леннонның өзі ғана танылып келген. Музыканттың жұбайы Йоко Ононың қосқан үлесі еленбеген болатын. Ассоцияция жиынында көрсетілген мұрағаттық видео-сұхбат кезінде биттл әннің авторы өзі ғана емес, сондай-ақ, Йоко Оно да екенін атап өтеді. «Ол кезде мен тым өзімшіл едім, сол себепті Ононың «Imagine» әніне қосқан үлесін мойындамадым»,- деді музыкант.
«Imagine» тыңдарманға 1971 жылы жол тартқан болатын. Аталған ән Rolling Stone журналының нұсқасы бойынша 500 ұлы ән рейтингінде үшінші орында тұрақтаған.
А. Оралқызы