Queen тобының вокалисі Фредди Меркьюри өзінің ерекше стилімен әрі өнерімен танымал. Ағылшын тобы болса да, әнші бәрімізге таныс ағылшындықтарға мүлде ұқсамайды. Әншінің шыққан тегі мен оның өнерге келу жолымен таныс болыңыз.
Музыканттың шын есімі — Фаррух Булсара. Ол 1946 жылы Занзибарда өмірге келген. Сол уақыттары Африка жағалауындағы осы аралда британдық протектораттың қарамағында сонымен аттас сұлтанат болған. Ол аймақты Үндістаннан келгендер мекендеді. Арасында Фаррухтың ата-анасы да болды.
Шын мәнінде олар парсы болады. Бұлар — 7 ғасырда арабтар Парсы жерін жаулап алғаннан кейін ислам дінін қабылдағысы келмей, өздерінің дәстүрлі діні – зороастризмді сақтап қалған ирандықтардың ұрпақтары. Олар Үндістанның батысындағы қазіргі Гуджарат штатына қоныс аударған.
Фаррухтың ата-анасы Гуджараттан. Булсара тегі – Булсар (Қазіргі Валсад) өмір сүрген үнді қаласының атауынан шыққан.
Фаррухтың есімі парсы тілінен аударғанда "бақытты" дегенді білдіреді. Жалпы, парсы тілін ұмытып, үнді тілдерінің бірі – гуджарати тілінде сөйлеген. Бірақ олардың діни әдебиеті ежелгі иран тілдерінде – авеста және пехлеви тілдерінде жазылған.
Гуджараттан парсылар Үндістанның әртүрлі штаттарына қоныс аударды. Басым бөлігі – Бомбейде (қазіргі Мумбай) орталығы бар Махараштраға көшті. Махараштрадағы Панчгани қаласында Фаррух балалық шағын өткізді. Сол жерде мектепке барып, рок-н-роллға қызығушылық танытып, алғашқы жасөспірімдер тобын құрды. Өзін Фредди деп атай бастады.
16 жасында Булсара Занзибарға оралды. Бірақ қысқа уақытқа. Үндістаннан келгендердің қанды көтеріліс жасап, революция басталды. 1964 жылы бүкіл отбасы Лондонға көшті. Алты жылдан кейін Фредди Smile тобына қабылданады, ол кейіннен Queen деп өзгертіледі.
1991 жылы Фредди Меркурий Лондонда қайтыс болғанда, онымен қоштасу зороастрлық рәсім бойынша өтті. Ол есейген шағында кезінде бұл діннен бас тартты, бірақ ата-анасы солай болуын талап етті.
Зороастрлық дәстүр бойынша жерлеудің өзі ғана мүмкін болмады. Олар денені арнайы белгіленген жерге апарып тастайды ("үнсіздік мұнарасы" деп аталады), онда адамның жұмсақ бөлігін ит-құстар жейді. Содан кейін қалған сүйектерді арнайы урнаға салады. Ағылшын заңына сәйкес жерлеудің тек екі әдісі қарастырылған – жерге немесе кремация. Музыканттың ата-анасы екінші нұсқаға келісуге мәжбүр болды.
Бүгінде әлемде парсылар өте аз – жүз мыңға жуық. Олардың көпшілігі Мумбайда тұрады. Иранда ғасырлар бойы қуғын-сүргіннен аман қалған зороастрлықтардың шағын қауымдастықтар ретінде қалды.
Саны аз болғанымен, парсылар Үндістанның мәдениетінде, бизнесінде және саясатында маңызды рөл ойнады. Олардың арасында, үнділік автогигант Tata компаниясының негізін қалаушы Джамшети Тата болды. Бірақ ең танымал парсы бұл Фредди Меркьюри екенін естен шығармау керек.