Ерлан Орынбасаров Баян Нұрмышеваға неке сақинасын тақты

Ерлан Орынбасаров Баян Нұрмышеваға неке сақинасын тақты

Қазақ эстрадасының ерке қызы Баян Нұрмышеваға продюсері Ерлан Орынбасаров неке сақинасын тақты. Бұл туралы Баянның өзі Инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады. 

Әнші ару неке сақинасын киіп тұрған суретін салып, астына "Қайырлы түн, жақсылар мен жайсаңдар! Міне, @orynbassarov_official екеуіміз осындай өмірге қадам бастық", - деп жазды. 

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның жылы қарым-қатынасы туралы ел арасында әңгіме айтылып жүргеніне біраз жыл болды. Бұл сұраққа екеуі: "біздің қарым-қатынасымыз - тек шығармашылық қарым-қатынас" деп жауап берсе де, сұхбаттарында "екеуінің ойлары көп жағдайда бір жерден шығатынын" жиі айтқан. 

Ерлан мен Баян бір-бірімен 2008 жылдан бері жақын араласады. Бұл туралы Баян Нұрмышева Инстаграмындағы жеке парақшасында жазған. "Сол уақыттан бері жақсы пікір таластыратын досым, қазіргі уақытта продюсерім", - деп бірге түскен суретін жариялаған. 

Ерлан мен Баян Инстаграмдағы жеке парақшаларына бірге түскен суреттерін жиі салады. 

Тіпті телеарнаның біріне Баян неке жүзігін тағып барған. Журналистің неке сақинасы туралы сұрағына Ерлан мен Баян нақты жауап бермеген. 

Баян Нұрмышеваның 2014 жылы шыққан "Бір жұлдыз" атты бейнебаянында Ерлан Орынбасаровтың өзі ғашық жігіттің бейнесін сомдаған. 

Міне, бүгінде елдің тілегі орындалып, Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева гу-гу әңгімеге нүкте қойып отыр. Біз де өз кезегімізде өнер әлеміндегі қос жұлдызға баянды бақыт тілейміз! Көтерген шаңырақтарыңыз берік болсын! 

Сурет: xmusic.kz

Оқи отырыңыз: 

"Азия" тобы көңіл көтерудің жаңа тәсілін ұсынады

Мирас пен Құралай Алматыдан үш қабатты зәулім үй тұрғызды

Роза Рымбаева: «Мағынасы терең әндерді тыңдағым келеді»

Р. Роза