Ерекше музыкалық аспаптар

Ерекше музыкалық аспаптар

Әр түрлі заманда, әр түрлі уақытта ойлап табылған музыкалық аспаптар жайында білгіңіз келе ме?

Ендеше, әңгімемізді бонанг аспабынан бастайық!

Индозениялық муыкант ойлап тапқан бұл аспап дәстүрлі халықтық оркестрдің басты бөлшегі болып табылады. Балғамен ұрып ойнайтын бұл құралды Санг Хуанг Гуру жаңа эраның 239 жылы жасаған.

Аралда бонангтің реонг деген «егізі» бар. Екі аспап бір-біріне өте ұқсайды.

Диджеридо

Бұл аспаптың шығу тарихы австралиялық аборигендермен тығыз байланысты. Оның ежелгі уақытта жасалғаны сонша, аспаптың авторы кім екенінен хабардар адам жоқ. Көптеген музыкатанушылар диджеридо аспабын жел тұрғанда ғана дыбыс шығаратын музыкалық аспатардың ең алғашқысы екенін айтады. Қызығы - «Бритиш Медикал Джорнал» басылымының соңғы зерттеуі бойынша осы аспапты ойнаған адам ұйқы кезінде қорылдау мен тыныс алудың уақытша тоқтап қалуынан айығады екен.

Цабуна

Ал бұл гректердің аспабының шыққанына 2 мың жыл уақыт болыпты.

Мүштігінен үрлейтін бұл аспап ешкі терісінен жасалады. Ал аспаптың басқа жағында саусақтармен ойнайтын арнайы түтігі бар. Қосымша түтігінің жоқ болуымен цабуна волынка аспабына да ұқсайды.

Ханг

Бұл музыкалық аспап басқаларға қарағанда жас. Өмірге келгеніне небәрі сегіз жыл болған бұл аспап Швейцарияда жасалған. Ханг металл дабылдың араласуынан жасалған. Металдан құралған бұл бұйымды ойнау үшін таяқшалардың қажеті шамалы. Аспапта ойнау үшін саусақтарыңыз бен алақаныңызды дайындай беріңіз. Жергілікті диалект тілде «hang» «адам қолы» дегенді білдіреді. Сондықтан да ол «ханг» немесе кей жерлерде «хонг» деп те аталады

Шыны гармон

Бұл ерекше аспап 1761 жылы Бенджамин Франклиннің қолында дүниеге келген. «Менің басқа өнертабыстарыма қарағанда шыны гармонның орны бөлек», - деген екен автор.

Осы сайманды қатты ұнатқан Моцарт екі шығармасын (Адажио мен Рондо)осы аспапқа арнап жазған екен.

Ең сорақысы мұнда!  Мысықтар клавесині

Испаня королі Филлип II осындай сорақы музыкалық аспаптың иесі болған екен. Аспап ұзын жәшіктен және бөлек-бөлек он төрт кесілген қалқадан тұрады. Әр бөлікте алдын ала таңдалған мысықтар отырғызылады. Мысықтарды іріктеу үшін оларды алдымен «тыңдаудан» өткізеді. Бөліктерге отырғызылған мысықтардың құйрығын клавиатураға қыстарады. Клавиатура ойнай бастағанда бақытсыз жануарлар тесіктен бастарын қылқитып алып жаны шығып дауыс шығарады. Осы дауысты әуен санаған олар табиғи музыканың ләззатына бататын көрінеді

Бұл обал қылықты жасауының да өз сұрауы бар: ол кездері шіркеудегілер жүні бар жануарларды шайтанның елшісі не көмекшісі деп ұғады екен. Аяушылық білдірмейтін себептері де сол екен... Осы түсінікке байланысты қара түсті жануарлардың өмір сүруі де ұзаққа бармайтын көрінеді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: bugaga.ru, interesnoe.info, musicplanetearth.com, znaeteli.ru

А. Әбілхан