Бүгіндікке әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары ең көп орындалатын Zombie әнінің авторы Долорес О'Риорданның белгісіз жағдайда көз жұмғаны туралы ақпарат таратуда. The Cranberries рок тобының солисі 46 жаста еді. Әншінің денесі лондондық қонақүйлердің бірінен табылған. Әзірге мезгілсіз кеткен жұлдыздың туыстары ешқандай ақпарат бермей отыр. The Cranberries тобының атақты Zombie әні Долорестің тұтас болмысын беретін туынды. Ол қарсылық, жанайқай мен мәңгілік сағыныш әні. 1993 жылы Англияда болған терракттан кішкентай екі баланың өлім құшқанын естігеннен кейін туған композиция дәл сол сәттен бастап әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кетті. Өлең сөздері арқылы жас әнші бейбіт өмірдің бастауы әркімнің жеке басынан басталуы керек екенін ұғындырғысы келді: In your head, in your headZombie, zombie, zombie-ie-ie.What's in your head, in your headZombie, zombie, zombie-ie-ie, oh. Бұл әннің болмысы бөлек. Гастрольдік сапарларда жүрген кезде қай қалада болмасам да тыңдарман оны ерекше ықыласпен, тіпті, күшті, қуатты тебіреніспен қабылдайды. Бұл өмірде жақынын жоғалпаған жан жоқ шығар. Олардың мұңы ортақ. Сағынышы ортақ. Әннің танымалдығына себеп болған осы жанайқай деп білемін, дейтін авторың өзі. Долорес ауыл шаруашылығымен айналысатын кедей отбасында жеті баланың ортасында тәрбиеленген. Қыздың музыкаға деген қабілеті балалық шағында-ақ байқалған. Латынамерикалық халық билері, гитарада ойнаудан басталған қызығушылық кейінірек өз әндерін жазу деңгейіне дейін жеткен. Әншінің алғашқы әні 12 жасында шыққан. Жас кезіңде өмір бітпестей көресің. Бірақ, судан аға шығады. Өмір үлкен саяхат. Ал, менің саяхатым Тәңірдің қалауымен өзгелерден ерекше болды , - дейтін Долорес өзінің танымалдығы туралы.