Алматыда қала күніне орай ЕМА-2015 төртінші музыка бәйгесі өтті, — деп хабарлайды massaget.kz тілшісі BNews.kz сайтына сілтеме жасап. Осы жылы Айқын Төлепберген "үздік орындаушы", ал Жанар Дұғаловаға "үздік әнші" атағына ие болды.
Биыл қатысушылардың саны былтырғыға қарағанда көп болған екен. Музыка бәйгесінде "Үздік ерлер ұжымы" All Давай тобы болса, "Үздік қыздар ұжымы" аталымын "КешYou" тобы иеленген.
Ұйымдастырушылар тарапынан берілетін "Үздік ұжым" аталымы Project Zenit-ке бұйырды. Сонымен қатар "А-Студио" тобы "Еуразияның үздік әртістері" атағын алған.
Бұл іс-шараның құрметті қонағы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек болып, қала жұртшылығын қала күнімен құттықтап,өзінің жылы лебізін білдірді.