"Рок-н-ролл королі" Элвис Преслидің өз тобы үшін 1976 жылы сатып алған гастролдік автобусы Нью-Йоркте өткен аукционда 268 000 АҚШ долларына сатылды. Бұл туралы New York Times хабарлап отыр.
Тарихи құндылыққа ие транспорт желдеткіш, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, теледидар және динамика сынды тұрмыстық техникамен жабдықталған. Ал автобустың алдына Преслидің Takin' Care of Business деген атақты сөзі жазылыпты.
Julien's Auctions атты аукционды үйінің бас директоры Даррен Жюльеннің айтуынша, танымал әншінің автобусын Техас штатының азаматы сатып алған.
Аукционға 12 адамға мөлшерленген автобустан бөлек, Преслидің жеке өміріне қатысты 200-ге жуық заттар қойылыпты. Жекелеп айтқанда, әншінің әскери киімі $48 000-ға сатылса, өз анасына арналған Love Me Tender әнінің алғашқы таспасы 125 000 АҚШ долларына бағаланды. Ал сатып алушылар көбіне Таяу Шығыс, Азия және Ресейден келген.
Ұқсас жазба:
Табындырған Элвис Пресли