- Негізгі бет
- Музыка
- "Дудар-ай" әні Әміре...
"Дудар-ай" әні Әміре Қашаубаев пен Димаш Құдайбергеннің орындауында (видео)
Францияны дүр сілкіндірген Әміре Қашаубаевтың өнердегі тағдырын араға ғасырлар салып Димаш Құдайберген қайталауда. "Singer" ән байқауында жұлдызы жанған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайберген Францияның "Les Annees Bonheur" бағдарламасында өнер көрсетті. Ал Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүниежүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», т.б. әндерді орындап, 2-орынмен қоса күміс медаль алған. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы Әміренің сирек кездесетін талант екенін жазып, таңдай қаққан.
Димаш Құдайберген туралы француздың "Лен монд" журналы "Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды" деген тақырыппен мақала жазды. Мақалада "Димаш көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, сенсация жасады" делінген. Сондай-ақ Димаш туралы Франция телеарнасынан арнайы бағдарлама көрсетілді.
Еуропаға қазақтың дауысын тыңдатып, Францияны тебіренткен қос қазақтың үнін тыңдайық.
"Дудар-ай" Әміре Қашаубаевтың орындауында
"Дудар-ай" Димаш Құдайбергеннің орындауында
"Дудар-ай" – халық әні. Қазақтың халық әндерін орындаған әнші қыз Мария Рыкина (Мәриям Жагорқызы) Дүйсен есімді қазақ жігітіне ғашық болып, "Дудар-ай" әнін шығарған. Қазақ мұрасын зерттеуші А. Затаевич осы әннің бірнеше нұсқасын жазып алған. Соның арқасында ән бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
М. Оңғарова