- Негізгі бет
- Музыка
- Дуа Липа: Армандар...
Дуа Липа: Армандар үшін күресу керек
Бірнеше жыл бұрын Дуа Липаны ешкім мойындағысы келмейтін. Дегенмен, “New Rules” атты әні халықтың ерекше ықыласына бөленді. Бүгін біз Дуа Липаның өмірін баяндаймыз.
Дуа Липа Косово Республикасынан көшіп келген мигранттар отбасында, Лондон қаласында дүниеге келеді. Оның есімі албан тілінен аударғанда “Мен жақсы көремін” дегенді білдіреді. Он екі жасына дейін Дуа ағылшын ортасында тәрбие алады. Дегенмен, Косово тәуелсіздік алғаннан соң, отбасы елге қайтуға шешім қабылдайды. Соған қарамастан, араға үш жыл салып жасөспірім қызы Лондонға қайта оралады. Ән салуды жаны сүйетін қыз бұл бағытта қалайда жетіскке жететініне сенеді. Оны мектеп хорына дауысының төмен болуына байланысты қабылдамай қояды. Бірақ, ол дегенінен бас тартпайды.
Ересек өмір:
15 жасында оқып, жұмыс істеп, ата-анасыз өмір сүруді үйрену үшін бір нәрсені құрбандыққа шалуға тура келеді. Липа үшін оқу басты орында емес еді. Мектеп бітіретін жылы емтиханнан сүрініп, оны тек арағы жыл салып тапсырады.
Оқудың орнына Липа түнгі клубта хостес ретінде қызмет атқарады, барларда ән салып, YouTubе желісінде өз арнасын жүргізеді. Ол әртүрлі әншілердің әндеріне кавер нұсқа жасайды. Оның әр видеосы “Сәлем! Менің есімім – Дуа Липа. Жасым 15-те. Бүгін мен…. әнін орындаймын” деп басталатын. Қарапайымдылық, дарын мен әдемі күлкі еріксіз халықтың назарын аударатын. Кейін оны белді адамдар байқай бастады. Тек ол армандаған музыкалық продюсерлер емес, модельдік агенттіктер оны өздеріне шақырды.
Бодипозитив
Дуа Липа ешқашан модельдік мансап жөнінде армандамаған еді. Кейін тұрақты жұмысы болмағандықтан, келген мүмкіндікті жібермеу алуды көздейді.
Дегенмен, модельдік бизнесте жанжалсыз өмір сүру мүмкін емес еді. Атақты емес, жас Дуа Липаға көп талаптар қойды. Түсірлімдер үшін артық салмақтан арылу міндеттелді. Бірақ, диеталар күйзеліс пен денсаулығын зиян алып келді. Сондықтан, Липа бұдан бас тартты. Ал, қазір атақ пен бедел оған модель параметріне сай болмаса да, түсірілімге қатысуға мүмкіндік беріп, бодипозитив ұғымын халыққа жеткізуші ретінде қабылдады. “Әрқайсымыз өзімізді қабылдап үйренуіміз керек. Мені үлгі тұтатын жандардың барын білгеніме қуаныштымын. Қыздардың барлығы біреу үшін өзгерудің қажеті жоқ екенін, қоғамдық ойдан арылу керек екенін түсінгенін қалаймын”, – дейді Дуа Липа.
Атақ:
Қиын уақыттар туса да, Дуа Липа өзінің YouTube арнасын ұмытпады. Араға бес жыл салып, оны байқағандар табылды. 2015 жылы Дуа Липа Warner Bros. Records студиясымен келісімшартқа отырды. Көп ұзамай өзінің дебюттік әні New Love, кейін Be the One әнін жарыққа шығарды. Кейін оған деген сұраныс кенеттен артты. Бүгінде оның әлеуметтік желіде 20 миллионнан астам оқырманы бар. Жақында Кореяға барып, атақты топпен дуэт ретінде ән жазды.
Армандар орындалады. Оған тек сену керек…
Т. Есқали