Фильм түсіргенде оның музыкалық әрленуі де маңызды рөл атқаратыны анық. Кейбір фильмдер таңдап алынған әуендері арқылы көпшіліктің көзайымына айналып жатады. Әуен - фильмдердегі эпизодтарда қажетті көңіл-күй тудырып, фильмнің әсерлілігін арттырады. Композитор Джеймс Хорнер — керемет музыкалық туындыларды дүниеге әкелген шебер. Ол тек қана жағымды әуенді жазып қана қоймай, әуен арқылы эмоция сыйлайды. Хорнер Голливудтың ең мықты режиссерлерімен істес болған. Солардың бірі Джеймс Кэмерон, Вольфганг Петерсен мен Рон Ховард, ал кейбір режиссерлер бұл композитордың әуендерінсіз фильмдерін елестете де алмайды екен. Осы жылы музыкант 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Соған орай Хорнер жазған үздік саундтректердің сегіздігін ұсынбақпыз:
«Титаник»
16 жыл бұрын әлем жас ДиКаприоның дарынына тамсанып қана қоймай, Хорнердің жан түршігерлік әуендеріне де қайран қалған. «Титаникке» жазған әуендері композиторға екі «Оскар» мен екі «Алтын глобус» әкелді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/6wz1xA5kxVI","width":"425","height":"350"});
«Батыл жүрек» («Храброе сердце»)
Хорнер режиссер Мэл Гибсонмен үш рет істес болға, бірақ «Батыл жүрекке» жазған әуендері ең үздік ортақ туынды болды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/fk8323r577w","width":"425","height":"350"});
«Ақыл-ой ойыны» («Игры разума»)
Данышпан математик Джон Нэш жайлы биографиялық фильм бүкіл әлемді қайран қалдырды. Және фильмнің таңғажайып, әрі мистикалық болып шығуына Хорнер жазған әуендер де өз үлесін қосты. Айта кететіні, фильмнің режиссері Рон Ховард 7 рет Хорнердің шеберлігіне жүгінген. Ал ол өз кезегінде режиссеркартиналарының көркін ашып беріп отырған.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/FGEonr38Aic","width":"425","height":"350"});
«Аполлон 13»
Хорнер мен Ховардтың тағы бір ортақ туындысы. Орындалмай қалған ғарыштық миссия жайлы фильмның саундтрегі «Оскар» алмаса да, көрермендердің жылы лебізіне ие болды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9pz7mTXv8DQ","width":"425","height":"350"});
«Күз аңыздары» («Легенды осени»)
Хорнердің дарынын жоғары бағалайтын режиссерлердің бірі - Эдвард Цвик. Ол композитормен үш рет қызметтес болған, алайда алғашқы «Айбын» атты әскери драмасын түсіру кезінде екі майталман шығармашылық келіспеушіліктерге ұрынып, басы дауға қала жаздады. «Күз аңыздары»картинасын түсіру кезінде де Цвик Хорнерге күмәнмен қараған еді, алайда маман өз жұмысын жоғары деңгейде орындап шықты.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/VyRbyP3Daxs","width":"425","height":"350"});
«Троя»
Гектор Ахиллестің қолынан қаза тапқанда жаны күйзелмеген адам жоқ шығар. Әлбетте, мұндай әсерлі сәтті керемет ойнап шыққан актерлердің шеберлігіне (Брэд Питт пен Эрик Бан) еш күмән жоқ, алайда сол сәттегі әуенді де ұмытпайық.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/cuRY4ZO2raQ","width":"425","height":"350"});
«Мінсіз дауыл» («Идеальный шторм»)
Музыкалық әрленуі тамаша тағы бір туындылардың бірі. Сыншылардың арасында «Мінсіз дауыл» фильміне музыка дұрыс таңдалмаған дегендер де болды. Алайда, фильм тамашалап отырған адам кейіпкерлердің тағдырға мойынсұнып, сабырлық пен қайғы аралас сезімдермен қабыл алғанын түсініп отырады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/lOtFUap8zwE","width":"425","height":"350"});
«Аватар»
Хорнер мен Кэмеронның тағы бір ортақ жұмысы. «Аватардың» бірінші кадрларынан-ақ музыка авторы кім екені айқындала бастайды. Джеймс Хорнердің туындыларын бірден білуге болады, ал бұл шебердің қайталанбас өз стилі бар екенін білдіреді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/o22cqPfH0a8","width":"425","height":"350"});
Сурет: vev.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина