Дженнифер Лопес Үндістанда өткелі тұрған концертінен өзінің қырсықтығы үшін қағылды. Ұйымдастырушылар оның «назын» көтере алмай, орнына америкалық рэпер Pitbull-ді шақырыпты.
Крикет үнді премьер-лигасының ашылу салтанатында қойылады деген концерт болмай қалды.
БАҚ құралдарының жазуынша, әйгілі әншінің менеджері Бенни Медина жеке ұшақ сұраған екен, сонымен қатар жеке стилистері мен ассистенттері, тіпті жеке аспазшысына қонақ үй бөлмесін беруді сұраған.
Pepsi IPL өкілдері Лопестің талаптарын ақылға сыйымсыз деп тауып, одан да Pitbull атты рэп орындаушыны шақыруды көздеген.
New York Post газетінде ұйымдастырушылардың сөзі нақты жазылыпты: «Бұл ақылсыз әрекет болды. Бұл іс-шараның көрермені көп, өткен жылы бұл ойын 56 мың адамды жинай алған болатын». Ал Лопестің жеке көмекшісі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында әншінің концерт беру күні мен уақыты кесте бойынша өтеді, ал Үндістандағы жағдай оның кестесінде болмаған депті. Және де, кейін белгілі болғандай әншінің жаңа альбомы жарыққа шығуының аз-ақ алдында тұр екен.
Дженнифер Лопес өзінің жоғары талап-тілектерімен талай елді дүрліктіргенін айта кетейік. Мәселен, 2001 жылы ол BBC арнасына сұхбат беруге өзімен бірге 90 көмекші адам ала келген. Сосын ВВС арнасының ұйымдастырушыларынан барлық адамға боянатын бөлме беруін талап етіпті.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: afisha.mail.ru