"I am a singer" ән байқауының финлының аяқталуына 1 кезең ғана қалды. Байқау басталғаннан бері қарай жобада отандасымыз Димашпен бірге гонконгтық әнші Sandy мен Lion тобы ғана қалды.
Димаш байқаудың 9-кезеңінде Селин Дионның "All by myself" әнімен 2 орын алып, үздік үштіктер қатарынан көрінді. Бұл кезеңде өзінің орындау шеберлігімен тыңдармандарды тәнті еткен 50 жастағы тайваньдық әнші Терри Лин 1 орын алды. Ол 8-кезеңде ән ырғағынан жаңылмай, екі әнді біріктіріп, өте шебер орындап шыққан болатын. Былайша айтқанда, Терри Линді Димаштың басты қарсыласы десек болады.
Байқаудың ең сұлу қатысушыларының бірі Қытайдың Тяньцзиинь қаласынан келген Zhang Bicheng есімді әнші. Ол өзінің таңғажайып дауысы мен бірге таңдай қақтырар сұлу сымбатымен де тыңдармандар жүрегінен орын алып үлгерді.
Бұл байқау – кіл мықтылар сайысқа түсетін байқау. Жобадан шыққан әншілердің орнына орта жолдан әншілер қосылып отырады. Мықты болсаң, ешқандай сылтау мен себеп іздемей қаймықпай қарсы қауқар танытуың қажет.
Естеріңізге сала кетейік, байқаудың 9-кезеңі 18 наурыз күні көрсетіледі. 10-кезең барша тыңдармандар асыға күтетін финалдық кезеңнің алдындағы соңғы кезең болмақ.