Әлемнің алтын дауысына айналған талантты әнші Димаш Құдайбергеннің атында ұшақ шығатын болды, деп хабарлайды Массагет тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-менеджері өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында жариялады.
"Қазақ баласының атымен енді ұшақ жарыққа шығады! TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды! Бұл ұшақ "Moonlight blade" онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі жарыққа шығады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ!!! Барша Димаштың жанкүйерлері, Dears, құтты болсын!!!",– деп жазды ол.
Димаш кеше Қытайдың "Hongyuan Prairie Summer Yak Festival" кешінде өнер көрсетті. Кеш барысында ол "Көркемім", "Battle of Memories" және "Ұмытылмас күн" әндерін орындап, сағынған жанкүйерлердің көңілін серпілтті.