Жуарда ғана төрткүл дүние көз тіккен "Singer 2017" жобасы аяқталды. Миллиондаған жұртшылықты ерекше өнерімен тәнті еткен Димашты қолдауға анасы Светлана Айтбаева да барған еді. Ол ұлының алдағы уақыт жоспарлары туралы айтты. Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады.
"Айдың аяғына дейін Қазақстанға оралуы керек. Келген соң аз уақыт тынығып алады. Содан кейін оқуын жалғастырады", — дейді таяуда Қытайдан оралған Светлана Айтбаева. Әншінің айтуынша, Димаш пен Хунань телеарнасы арасындағы келісімшарттың мерзімі де аяқталып келеді.
"Қытай елінің заңдары қатаң екен. Осы уақытқа дейін Димашқа журналистерге тіс жаруға да тыйым салынып келді", — деді ол. Светлана Айтбаева елге орала сала Ақтөбедегі жағдайға алаңдағанын айтады.
"Қытайда телефоным интернеттен ажыратулы болды. Сондықтан, желіге шыға бермедім. Елге оралғанда жағдайды естіп, көңіл күйім түсіп кетті", — дейді әнші.
Айта кетейік, Жүзден жүйрік танылған отандасымыз Димаш Құдайбергенов ақтық сында Лаура Шангпен қосылып, поп музыка королі Майкл Джексонның "The Way You Make Me Feel", "Erth song" және "Billie Jean" әндерін орындап, 2-орынды иеленді. Светлана Айтбаева Қытайға Димашты ақтық сында қолдау үшін барған болатын.