Миллиондардың сүйіктісі, талантты әнші Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанды. Ол кеше АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласына ұгып келді. Әншіні әуежайдан бір топ америкалық жанкүйерлер (dears) ыстық ықыласпен күтіп алды.
Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 19-23 қараша аралығында Лос-Анджелесте Қазақстан мәдениет және кино күндері өтеді. Негізгі мақсаты – америкалық көрермендерге республиканың бай ұлттық-мәдени құндылықтарын таныстыру.
Димаш АҚШ-қа ұшпас бұрын америка елшілігіне барған еді. Елші Крол мырза АҚШ Елшілігі атынан және барлық америкалық жанкүйерлері атынан Димашқа жоспарлаған Әлемдік турнесіне сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз орындаған "Moonlight over the Sea" əні Голливудта "HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS" музыка бəйгесінде "The best original song of video game" (Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жеткен болатын.