Миллиондаған жанкүйерлердің сүйіктісі, ел мақтанышына айналған талантты әнші Димаш Құдайбергенге кеше қытайлық жанкүйерлер соңғы үлгідегі микрофон сыйлады.
Бір ерекшелігі – микрофонда әншінің қолтаңбасы қойылған. Өзінің таңданысын жасыра алмаған әнші инстаграм парақшасына:
"Армысыздар, құрметті жанкүйерлер! Мен дегенде тақымын қысып, мен дегенде ішкен асын жерге қоятын менің сүйікті тыңдармандарым! Сіздерді өте жақсы көрем. Маған беріп жатқан сыйлықтарыңыз өте зор сыйлық. Әрқашан сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін талмай, тынбай еңбек етем. мен қазір үлкен тебіреніс үстінде отырмын. Өйткені, бала кезден бері осындай соңғы үлгідегі өзімнің жеке микрофоным болса деп армандайтынмын.Үлкен әртістерге қарап қатты қызығатынмын. Енді міне, өзімнің тыңдармандарым маған осындай үлкен сыйлық жасады. Сөзімді, ішкі сезімімді, қуанышымды айтып жеткізе алмай тұрмын. Сондай-ақ сіздермен бірге бастан кешкен "Singer" жобасынан бері қандай қызықты сәттер өтті, соның бәрі бейнеленген тамаша кітапты сыйлап жатырсыздар. Менің өмірімдегі сіздермен өтіп жатқан әрбір сәт алтын әріптермен қалатын сәттер. Әртіс үшін ең үлкен бақыт, ол – тыңдармандары. Сіздер барда сахнада Димаш жүре береді!" деп ыстық ризашылығын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Димаштың домбырасы домбырасы қытайда 35 мың юаньға (1806000 теңге) сатылды. Ол көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету үшін, домбыраны 19 қыркүйек күні «Smile Angel Foundation» қайырымдылық қорына сыйлаған болатын.