Қазақстандық талантты әнші, "Singer" байқауында жұлдызы жанған отандасымыз Димаш Құдайбергенді Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьxуэй мырза құрмет грамотасымен марапаттады, - деп хабарлайды Массагет тілшісі.
Бұл жөнінде "Қытай және Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастары орнауының 25 жылдық мерейтойына орай Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьxуэй мырза құрмет грамотасымен марапаттады! Раxмет!!!", - деп жазды ол өзінің инстаграм парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Францияның "Les Annees Bonheur" бағдарламасында ән шырқады. Әлемдік өнер жұлдыздары бір саxнада тоғысқан кеш 6 мамыр күні өтеді. Сонымен бірге дәл осы күні Hunan TV арнасынан "Кел, менімен бірге ән шырқа!" бағдарламасы көрсетіледі. Сонымен бірге ол бұл айда Қытайда өтетін бірнеше бағдарламаға қатысады.