Әлемге танылған қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннен үйренуге болатын 8 қасиетті ұсынамыз.
1. Тек ана тілінде сөйлеуі;
2. Ана тілінде көркем тілмен, мақал-мәтелмен сөйлеуі;
3. Жан-жақтылық. Димаш 3 жылға жуық таэквондомен айналысқан, бірнеше музыкалық аспапта ойнай алады;
4. Кішіпейілдік. Димаш үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, көбіне айналасындағы адамдардың мерейін көтеріп отырады;
5. Елін сүюі, қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуі;
6. Қарапайымдылық. Димаш қанша жерден атағы аспандаса да, қарапайымдылығын жоғалтқан емес;
7. Биік талғаммен сәнді киінуі;
8. Армандай білуі. Димаш үлкен биікке ұмтылып, мүмкін емес нәрсені шындыққа айналдыруда.
Сіз бұл тізімге тағы нені қосар едіңіз?