Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Токиода өткен ABU Song Festival 2019 фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл - Димаштың Күншығыс елінде алғаш рет өнер көрсетуі.
Телефестиваль бәсекелестік, жарыс алаңы емес. Бұл - Азия-Тынық мұхиты аумағына кіретін мемлекеттердің ең үздік әртістерін көрсететін жер. Айтулы ән додасына Корея, Жапония, Индонезия, Австралия, Түркия сынды мемлекеттердің де өнерпаздары қатысты.