Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген танымал Славян базары байқауының әділқазылар құрамына кірді. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. -Бұл байқау менің өмірімде ойып тұрып өз орнын алған байқау. Бірнеше халықаралық байқаулардағы жеңістерім мен шет елдерде және Қазақстанда өткен сан түрлі телешоулар мен концерттердегі өнер көрсеткеннен кейін, мен өзімді алғаш рет дәл осы Беларуссия жас әрі танымал әнші сезіндім, бұл Славян базары байқауындағы жеңісімнен кейін еді. Маған өз елімнің мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік берумен қатар, үлкен эстрадаға жол ашқан осынау керемет байқау мен өресі биік мемлекетке деген сезімім ерекше. Осы жылы Сляван базары байқауында қонақ ретінде өнер көрсете отырып, әділқазы алқасының мүшесі де боламын. Көріскенше Белорусия.- деп жазды Димаш. * әншінің жазбасы өзгертусіз алынды